Бүгін маңғыстаулық жас қаламгер Кенжебек Сержан Қазақстан Жазушылар Одағына мүше болды. Арнайы құжатты Одақтың төрағасы, жазушы Мереке Құлкенов тапсырып, сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Маңғыстаудың аға буын қаламгерлері Әзірбайжан Қонарбай, Мейрамбай Қибасов, Тобыш Нияз да Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды.
Кенжебек Сержан Алаш арысы П. Кәрімұлының 100 жылдығына арналған ақындар сайысының (шығармашылық байқауының) лауреаты. Бірнеше медальмен және Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталған. «Жас тұлпар» облыстық жастар сыйлығының иегері (2022).
«Бейбіт елдің ұланымын» (2014), «Ғибратты ғұмыр» (2015), «Қалнияз едім күнінде» (2016), «Жорық жырауы Қалнияз» (2019), «Төре тектес Төлеген» (2021) атты кітаптардың авторы. Қазіргі таңда “Ер мен Ел” атты тарихи-танымдық кітабы баспаға әзірленіп жатыр.