Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result

Басты бет Жаңалықтар

Ержан Мырзабаев: Бақытты отбасының негізгі формуласы – сөйлесу

12/09/2023
Айдары: Жаңалықтар
0
Маңғыстау жастары Ержан Мырзабаевпен кездесті
600
SHARES
5.5k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаев екінші сессияда ата-ана, жас отбасылармен кездесті. Кездесу барысында «Бақытты отбасының 7 принципі» бойынша сөз қозғап, сұрақтарға жауап берді.

Қазіргі таңда бойдақтардың мәселесі – өмірлік жарды дұрыс таңдау болса, отбасылы адамдарды әрі қарай мықты отбасы қалыптастыру алаңдатады. Мықты отбасы қалыптастыру үшін ортақ диалог, бір-бірін түсіну өте маңызды. Психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша, отбасындағы жылулық ер мен әйелге тікелей байланысты. Сондықтан қарым-қатынасты жандандырып, оны нығайту үшін екеуі де бірдей атсалысуы керек.

«Қыз бен жігіт болып жүргенде бір-біріне ерекше көңіл бөледі, гүл беріледі де отбасы құрғаннан кейін бұл дәстүр қалады. Негізінде мұны жалғастыру керек. Отбасылық күнді белгілеп, ерлі-зайыптылар бір-бірін кездесуге шақыруды ұмытпағаны жөн. Бұл өзара сырласуына, тұрмыстық мәселелерден бір уақыт алыстауға мүмкіндік береді. Отбасылық кездесуге ата-ене, бала-шаға, туған-туысты қатыстырмаған маңызды», — дейді Ержан Мырзабаев.

Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас нығайған соң бала тәрбиесі өзінен өзі реттеледі.

«Баланы тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бала тәрбиесіне отбасындағы атмосфера тікелей әсер етеді. Сондықтан ең біріншіден, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты реттеп алғаны жөн. Есте сақтау керек, баланы ұруға, жазалауға, оған ұрысуға болмайды. Баланы қорқыту арқылы белгілі бір жетістікке жету мүмкін емес. Керісінше, ол баланың бойындағы қабілетті өшіріп, сенімсіздікті қалыптастырады», — дейді психолог.

Сонымен қатар отбасылық психолог балаға ұрысудан бұрын онымен ашық сөйлесіп, қателіктің салдарын түсіндіру қажет екенін тілге тиек етті. Сонда ғана бала саналы түрде шешім қабылдауға, кез келген әрекетті жасайтын кезде ойлануға дағдыланады.

Кездесу соңында аналар отбасылық психологтан кеңес алып, көкейде жүрген сауалдарын жолдады.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

1 of 16
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist