Astana Hub ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп, IT саласында жұмыс істегісі келетін әйелдер арасында іріктеу өткізіп жатыр.
18 жастан асқан жұмысқа орналаспаған әйелдер IT-Aiel бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады және No Code School, Freelance School, сондай-ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстарын оқи алады. Қатысушылар жаңа істі игеруге 1 тамызда онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде кірісе алады. Бағдарламада қызықты вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, Q&A-сессиялары және т.б. бар.
Жобаға қатысу үшін сайттан өтіп, өтініш беруі керек: https://education.astanahub.com/itaiel содан кейін дайындық курсы, цифрлық сауаттылық деңгейін анықтау тестінен өтіп, оқу кестесі жарияланатын жалпы чатқа қосылады. Оқыту қорытындысы бойынша жобаның түлектері оқуды аяқтағанын растайтын электрондық сертификат алады. Бағдарламаның үздік 100 қатысушысы курстың соңында салтанатты түрде марапаттауға шақыру алады.
Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін жалғасады , ал қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://education.astanahub.com/itaiel
Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі электронды поштаға жазуға болады edu@astanahub.com, сондай-ақ бірыңғай нөмір: 2222.