15 қарашада Қазақстанда ұлттық валютасына 30 жыл толып отыр.
Еліміз 1993 жылдың 15 қарашасында өзінің төл теңгесін айналымға шығарғаны белгілі. Ұлыбританияда басылып шыққан банкноттарда ұлы тұлғалар – Әл-Фараби, Абай, Шоқан Уәлиханов және басқаларын бейнелеген болатын.
Негізінен ұлттық теңге атауына қатысты әртүрлі нұсқалары қарастырылған еді. Оның ішінде сом, ақша, алтын деген атаулар ұсынылды. «Теңге» көне түркілік күміс монеталардың атауымен байланысты. Сол себепті осы атауға тоқталып, 30 жылдан бері айналымда келе жатыр.