Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы және «Даму Қазақстандық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Сыбайлас жемқорлық: жастар көзқарасы» атты шығармашылық және мазмұнды бейне сұхбатқа байқау жариялады.
Жүлде қоры 500 000 мың теңге. Яғни, 10 жеңімпазға 50 000 мың теңге көлемінде табысталады.️
Байқау 2022 жылдың 30 қыркүйегінен 10 қарашаға дейін созылады.
Видеоны өзіңіздің әлеуметтік желі парақшанызға жүктеп #elordanpo #жемқорлыққажолжоқ хештегін белгілеу қажет.️
Қосымша ақпарат бойынша npodamu@mail.ru электрондық поштасына жазуға болады.