Бата дегеніміз не?

Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Қазақта «Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Батасыз іс – баянсыз» деген мақал-мәтелдер де бар. Батаны көпті көрген, дана қариялар мен ақ жаулықты аналарымыз жастарға беріп жатады.

Қазақта батаның түрі тым көп. Бірі – «батыр бол» десе, бірі «бай бол», «ақылды бол», тағы бірі «бәледен сақта», дейді.

Бата бергенде де, бата алғанда да шын ықылас-ниеттілік танытып, ізгі ілтипат білдіріп, оның нұрлы шуақ екенін сезіну қажет.

Exit mobile version