Маңғыстау облысында жұмыссыз жастарға арналған «Талаптан» әлеуметтік жобасы басталды. Жоба аясында «Автобустағы 1 күн» атты жастарға арналған акция өтеді, – деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты.
«Автобустағы 1 күн» шарасы арқылы ауыл жастары мен тұрғындары әртүрлі сала мамандарынан кеңес ала алады. Мұнда қаржылық сауат, отбасылық психология, кәсіпкерлік, тұрғын үй алу бағдарламасы, құқық саласы бойынша сұрақтарға жауап беретін мамандар болады. Аталған автобус барлық ауданға қатынайды.
Автобустың келу күні мен уақыты төмендегідей:
26 маусым күні Жаңаөзен қаласына барады.
17:00 – 18:00 – Қызылсай ауылы;
18:00 – 19:00 – Кендірлі ауылы;
20:30 – 23:00 – Теңге ауылы;
27 маусым Түпқараған ауданына тұрақтайды.
17:00 – 18:00 – Ақшұқыр ауылы;
18:30 – 19:30 – Сайын ауылы;
20:30 – 21:30 – Таушық ауылы.
28 маусым Мұнайлы ауданына барып, кеңес береді.
17:00 – 18:00 – Басқұдық ауылы;
19:00 – 20:00 – Маңғыстау ауылы;
20:30 – 21:30 – Атамекен ауылы.
1 шілде Қарақия ауданына қатынайды.
17:00 – 18:00 – Құрық ауылы;
19:30 – 20:30 – Мұнайшы ауылы;
21:30 – 22:30 – Жетібай ауылы.
2 шілде күні Маңғыстау ауданына барады.
17:00 – 18:00 – Шетпе ауылы;
19:30 – 20:30 – Жармыш ауылы;
20:30 – 21:30 – Сайөтес ауылы.
3 шілдеде Бейнеу ауданының жастарына кеңес береді.
17:00 – 18:00 – Есет ауылы;
19:30 – 20:30 – Сарға ауылы;
20:30 – 21:30 – Бейнеу ауылы.
Жоба жетекшісі Наурызбек Мағдатовтың айтуынша, «Талаптан» жобасы аясында уақытша жұмыссыз, әлеуметтік осал тобына жататын жастар заманауи мамандықтар курсы оқытылады. Қоғамдық-мәдени, спорттық және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Осылайша, жастарды өз ісін – кәсібін бастауға дағдыландырып, жаңа қабілеттерін ашуға мүмкіндік беріледі.
Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен іске асады.