Ұлттық спорт ойындарының қатысушылары арқан тартысты. Нәтижесінде 29 шағынаудан жастары алға шығып, жүлделі орынға ие болды.
Ал 2-орынды 27 шағынаудан жастарынан құралған команда иеленді. 3-орынды 8 шағынауданнан келген команда қанжығаға байлады.
Айта кетейік, спорттық сайысты Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы және Маңғыстау облысының дзюдо күресі және жекпе-жек түрлері федерациясы ұйымдастырды. негізгі мақсат – жастар арасында ұлттық спорт ойындарын насихаттау, ұлттық ойындарды жаңғыртып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.