Ақтау қаласында 17-18 қыркүйек аралығында триатлоннан Elite категориясы бойынша Азия чемпионаты өтпек. Азия чемпионатына Азия құрлығындағы 10 мемлекеттен 70 жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.
Қазақстан Триатлоон Федерациясы ұйымдастырып отырған чемпионатта қатысушылар жүзуден, жүгіруден, велосипедпен жарыстан бақтарын сынайтын болады.