4 мамыр күні «Жас Қанат» спорт кешенінде «SUPER BOL» жобасының іріктеу кезеңі басталды. Жоба аясында келісімшарты жоқ жас футболшылар екі ай көлемінде кәсіби мамандармен жаттығады, – деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты.
Оның айтуынша, 2022 жылы «SUPER BOL» жобасының алғашқы маусымы сегіз өңірде өтсе, биыл он төрт облыста ұйымдастырылады. Жобаның бас бапкері футболдан олимпиада чемпионы – Евгений Яровенко.
Еске сала кетейік, былтыр маусымның бірінші кезеңіне өңірден 600-дей спортшы қатысуға ниет білдірді. Оның ішінде финалдық бәсекеге 11 спортшы іріктелген болатын. Жоба қабілетті жастар үшін өз жемісін берді. Яғни, тоғыз футболшы кәсіби футбол командаларымен келісімшартқа отырды. Көптеген қатысушы ұлттық құрама базасында шынығып, бірегей кәсіби шеберліктен өтті.
Жоба Президент жанындағы «Dara» дарындыларды қолдау қоры және Freedom Broker инвестициялық компаниясының қолдауымен өтуде.