Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрында 19 қазан, сағат 19:00-де Qazaq StandUp стэндап кеші өтеді.
«Жобаның мақсаты: көрерменді стендап жанры арқылы жақсылыққа, патриотизмге, отбасын, жақындарын сүюге баулу және талантты комиктердің дамуына үлес қосу»,-делінген хабарламада.
Стэндап кешіне қазақстандық бірқатар үздік әзілкештер келеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, стендап — бұл комедия жанрында қоғамдағы проблеманы, өз өміріңді, айналадағы болып жатқан, болып кеткен дүниеге деген көзқарасыңды көрерменге әзіл арқылы жеткізу жанры.