Четверг, 16 апреля, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result

Басты бет Жас көшбасшы

Ақтауда мектеп оқушылары жиһаз цехының жұмысымен танысты

25/02/2025
Айдары: Жас көшбасшы
0
Ақтауда мектеп оқушылары жиһаз цехының жұмысымен танысты
568
SHARES
5.2k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Ақтаудағы Серікбай Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары Hi Tech Furniture жиһаз цехына экскурсия жасап, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылды «Жұмысшылар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылып отыр.

Экскурсияны Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы қолға алып, оқушыларға қол еңбегімен айналысатын мамандықтардың маңыздылығын көрсету, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер туралы ақпарат беру мақсатында өткізді.

Жиһаз цехына барған 20-ға жуық оқушы өндіріс орнындағы жұмыс барысын өз көздерімен көріп, кәсіпорын қызметкерлерінің тәжірибесінен үлгі алды. Оқушыларға ағаштан жиһаз жасау процесі, заманауи құрал-жабдықтардың жұмысы және кәсіптің қыр-сыры түсіндірілді.

Цех басшылығы жиһаз өндірісінің бүгінгі еңбек нарығындағы маңыздылығын атап өтіп, оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Кейбір оқушылар кәсіпке ерекше қызығушылық танытып, өз болашақтарын осы салаға арнау мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.

Цех басшысының айтуынша, жазғы демалыс кезінде оқушылар үшін арнайы жұмыс орындары қарастырылмақ. Бұл бастама арқылы жастар еңбек тәжірибесін жинап, алғашқы табыстарын табуға мүмкіндік алады. Оқушыларға күрделі емес, өз қолдарынан келетін тапсырмалар беріледі, осылайша олар еңбек нарығының алғашқы баспалдағын аттай алады.

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы Жұмысшылар жылы аясында жастарды қол еңбегі мамандықтарына қызықтыру мақсатында осындай экскурсияларды жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама жастардың ерте жастан кәсіптік бағдар алуына, еңбекке деген ынтасын арттыруға және болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ықпал етуге бағытталған.

Мұндай іс-шаралар еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды кеңінен таныстырып, оқушылардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын оятуға көмектеседі. Жастарды еңбекке баулу және кәсіпке бағыттау – ел болашағы үшін маңызды қадам.

Жиһаз өндірісі, құрылыс, дәнекерлеу, механика сияқты салалар бүгінгі таңда аса қажет мамандықтардың қатарында. Сондықтан мұндай кәсіптік бағыттағы экскурсиялар жас буынға өз болашағын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта да жастардың кәсіптік бағдарын дамыту мақсатында осындай шараларды жалғастыра бермек.

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist