Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының «Алматының әуені» атты думанды концертін өткізеді. 85 жыл сахна төрінде жүрген өнер ұжымы көрерменге қазақтың халық әндері мен Қазақстан композиторларының туындыларын және шетел классиктерінің шығармаларын ұсынуды жоспарлап отыр.
Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов. Дирижер – Асет Ахметов. Хормейстерлер – Алтынбек Жолдыбаев, Алмат Есімханов. Концертмейстер – Асқар Кульшарипов. Солистер – ҚР Мәдениет қайраткері Ержан Әлімбетов, Халықаралық конкурстардың лауреаты Біржан Бәзілжанов, Республикалық байқаулардың лауреаты Жанқожа Аяпов, Әзиза Абдрейм, Назерке Абралы, Дияр Нұрсұлтанов, Мирас Киньяров, Назерке Түтінбаева, Сұңқар Әлімұса.
Кеш Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы ғимаратында 23 қыркүйек, сағат 19:00-де өтетін болады.