19 мектеп мектеп-гимназиясында Ақтау қаласының ұстаздары арасында «Мұғалімдер барысы» өтті.
Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған спорттық додада Ақтау қаласының 40 мұғалімі өзара бақ сынап, мықтылар анықталды. 80 келі салмақ дәрежесінде белдескен IT мектеп-лицейінің мұғалімі Серік Бөкенбаев І орын алып, «Барыс-2022» атағын иеленді.
Ал 13 мектеп-гимназиясының мұғалімі Нұржас Қуандық ІІ орынды алса, 13 мектеп-гимназиясының мұғалімі Жәнібек Дабысов ІІІ орынды қанағат тұтты. 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күрескен балуан мұғалімдер арасынан 19 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ерлан Серіков үздік шығып, «Барыс-2022» белбеуін алды. ІІ орынға Дарын лицейіндегі ұстаз Бақдәулет Дәлухан ие болса, ІІІ орынға 14 орта мектеп мұғалімі Түребек Өтебай жайғасты.