Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында Ақтау қаласының туған күніне орай «Ақтау суретшілер көзімен» атты қалалық жас суретшілер көрме-байқауы өтті.
Көрме-байқауында жас суретшілердің туған қаламызға деген жеке танымы мен болашағына деген көзқарасы бейнеленген суреттер қойылды.
Байқау қорытындысы бойынша төмендегі оқушыларымыз диплом мен ақшалай сыйлықпен марапатталды.
ІІ орын – Бегендік Самалай
«Арнайы жүлде» номинациясы – Базаралиева Айжан
«Ең үздік композиция» номинациясы – Сарғұлова Ақбота
«Ең жас суретші» номинациясы – Бақберген Дана
«Қылқалам шебері» номинациясы – Жаңабай Жаңылсын
Бұған қоса, Бекбулат Жібек, Джексембай Аружан, Нұржан Аружан мен Бақытжанқызы Ақбөбек арнайы Алғыс хаттарға ие болды.