Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтау қаласында өткен халықаралық «Caspian Startup-2023» байқауы қорытындыланды

07/06/2023
Айдары: Жаңалықтар
0
Ақтау қаласында өткен халықаралық «Caspian Startup-2023» байқауы қорытындыланды
594
SHARES
5.4k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Caspian Startup-2023» халықаралық стартаптар байқауының қорытындысы шығарылды.

2023 жылы дәстүрлі байқауға Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстаннан 200-ден астам жоба келіп түсті. Олардың барлығы табысты стартаптарды құру және ілгерілетуге, сондай-ақ стартап мәдениетін қалыптастыруға, инвесторлар тартуға, зияткерлік меншікті қорғауға бағытталған.

Финалдық турға қатысушылар өмір сүруді жақсартатын IT-стартаптарды ұсынды.

— Биыл бесінші рет өткізіліп отырған байқауға өтініш білдірген   жобалар санын өткен жылмен салыстырар болсақ екі есе көп. Бұл оқушылардың ғылымға, айти саласына деген қызығушылығының айқын белгісі. Байқауға қатысқан әр жас стартаперден үлкен үміт күтеміз, -деді Ақтаудағы Зияткерлік мектеп директоры Ринат Жұмабаев

Екі іріктеу кезеңнен сүрінбей, ақтық сайысқа жолдама алған ең үздік   авторлар бизнес, білім беру, медицина, IT және басқа да сала кәсіпқойларынан іріктелген беделді қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғады.

Байқау нәтижесі бойынша «Skincare AI» жобасы «Caspian Startup-2023» халықаралық байқауында жеңіске жетті. Авторлары Астанадағы NIS IB оқушылары Дармен Аусарбеков, Томирис Ыдырысбаева, Арай Камалиева, Аделия Айтпаева, Амир Жақсылық, Аян Арманұлы.

Ораз Қайыржан, Нұрсұлтан Зинуллин, Нұрдәулет Базарғали, Махамбет Өтепқали құрған Орал қаласынан келген команда «DEO-1» ауыл шаруашылығына арналған көп функциялы дрон жобасын әзірлеп, екінші орынды иеленді.

Қола жүлдені Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Виктор Кахноның «SeeTheFuture» жобасы мен түркістандық NIS командасының «TauFind» жобасы бөлісті, авторлары Алпамыс Сартай, Диас Асылбек, Әли Пайзхан, Жарқынбек Жайлыбек.

І орын жеңімпазына 150.000 теңге, ІІ орын 100.000 теңге, ІІІ орын иегеріне 50.000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.

Әлеуметтік жобаларға баса назар аударылған байқау қатысушыларына еліміздегі ең үздік жоғарғы оқу орындарының білім гранттары табысталды.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің гранты берілді (аталған әрбір қатысушы үшін грант): Виктор Кахно «SeeTheFuture» (Талдықорған NIS), Александр Цюпай, Сергей Трефилов «Aurea milium» (Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі), «Оqyrman AI» жобасы Әділ Шаяхметов, Әбілмансұр Алимбаев, Мансұр Сайран, Альмубди Мутайхан, Сұлтанби Исатай (NIS Қарағанды).

Қазақ-Британ техникалық университетінде оқуға мүмкіндік алған қатысушылар: Виктор Кахно «SeeTheFuture» (NIS Талдықорған), Мутайхан Альмубди «Оqyrman AI» NIS Қарағанды (грант жобаға берілді), Амина Асадова «Robobin» (Әзербайжан, Баку қаласы, ағайынды Новрузовтар атындағы №36 мектеп).

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті: Нұрсұлтан Зинуллин 100% грант (NIS Орал), Раушан Тұрғанбай 75% грант (Қызылорда NIS), Мутайхан Альмубди 50% (Қарағанды NIS).

Сондай-ақ Маңғыстау облыстық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Марал Қадыр «ExoGlove» (Ақтау NIS), «DolphEYE» (Ақтау NIS), «Fingerprint recognition» (Қызылорда NIS) жобаларына арнайы сыйлығын табыстады.

Qazaqedu.сom онлайн академиясының директоры Дина Фатих Қостанай қаласынан келген «Oñayoqu» жобасы, оралдық оқушылардың «DEO-1» жобасын әр қарай дамытуға көмек беретінін жеткізді.

 

1 of 4
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist