Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиевпен кездесіп, Ақшұқыр ауылынан «Street Workout», балалар ойын алаңы мен қоса футбол алаңын салуға демеушілік көмек көрсету, аудан тұрғындарын жұмыспен қамту, Таушық ауылында орналасқан шаруа қожалықтарына пайдалану мақсатында өндірісте қолданылған НКТ тұрбаларын бөлу және өзге де ұсыныстарын жеткізді.
Өз кезегінде «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев Ақшұқыр «Street Workout» алаңы, балалар ойын алаңы мен қоса футбол алаңын қоса салуға демеушілік көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Ал, жұмыспен қамту мәселесінде қазіргі таңда бос жұмыс орындары жоқ екендігін тілге тиек етіп, алдағы уақытта бос жұмыс орны болған жағдайда ұсынылған азаматтарды қабылдау қарастырылатынын айтып өтті.
Сонымен қатар өндірісте қолданылған НКТ тұрбалары жақын арада берілетіндігін жеткізді.