Вторник, 10 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жобалар Lectorium

Әйгерім Өткілбай: Құнарлы тағам – сарқылмас күш-қуат

25/05/2023
Айдары: Lectorium, Жаңалықтар
0
Әйгерім Өткілбай: Құнарлы тағам – сарқылмас күш-қуат
577
SHARES
5.2k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Бүгін өңір жастары «Lectorium» жобасы аясында денсаулық және сұлулық эксперті, коуч, нутрициолог Әйгерім Өткілбаймен кездесті. Кездесуде дұрыс тамақтану, бет күтімі тақырыбында сөз қозғалды.

Әйгерім Өткілбайдың айтуынша, дұрыс тамақтану мен бет күтімінің оң нәтижесі тек жан тыныштығы болғанда ғана көрінеді. Ол үшін күйзеліске түспеу, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және тағамды өз мөлшерінде қолдану өте маңызды. Осы ретте ол жастарды тез дайындалатын тағамдардан аулақ болуға, газдалған сусын немесе синтетикалық БАД ішуден арылуға шақырды.

Сонымен қатар жастар арасында өзекті семіздік, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, бет терісі проблемаларының шығу салдарын түсіндірді. Нақтыласақ, ас – адамның арқауы. Сондықтан ең бірінші кезекте – тағамды тұтынарда оның құнарлығы мен сапасына көңіл бөлу қажет. Бұл ретте әрбір адам ет өнімдерін, көкөністер мен жемісті, сүт өнімдерін өз мөлшерінде тұрақты әрі күн сайын тұтынуы қажет. Сондай-ақ «арықтаймын» деп диета ұстайтындардың жиі жіберетін қателіктерін тілге тиек етті.

«Арықтау кезінде адамдар осы үш қателікті жиі жібереді. Көбі калория санайды, негізінде тәрелкеңіз толыққанды болуы тиіс. Ең алдымен сан емес, сапа. Ақуыз, майлар, көмірсуларды қолдану керек. Арықтайтын адам жеміс-жидекті көп жейді. Бұл да – қателік. Себебі, жеміс дегеніміз – глюкоза, глюкоза – қант, ал қанттың көп мөлшері артық майға ұласады. Жалпы дені сау адамның өзіне күніне 2 жеміс жеу жеткілікті. Әсіресе, күндізгі уақытта. Содан кейін жиі жүрек жалғау, яғни ауыз әрдайым жыбырлау инсулинді әткеншектей тербетеді. Ал инсулинге төзімділік қант диабетіне алып келеді», — деді Әйгерім Өткілбай.

 

1 of 5
- +

Шара барысында жастар белсенді болды. Олар толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, еркін пікір алмасты. Сонымен қатар жоба қонағы Әйгерім Өткілбаймен ойын ойнап, естелік суретке түсті.

«Сіздер – жас буын өкілісіздер, бұл кез келген затқа қызығып қарайтын шақ қой. Сол себепті басатын қадамыңызды алдын ала ойланып, санада сұрақ қойып, жоспарлау қажет. Әрбіріңіз – жеке, дара тұлғасыз. Қазақстанды жан-жақтан көтеретін болсаңыздар, қандай керемет болушы еді. Мен сіздерге елді көркейтер қуат, білім тілеймін! Осы жобаға шақырғандарыңызға қуандым, себебі аудитория – жас. Мен айтқан ақпараттардан қандай да бір дән егілсе, мен қуанар едім. Себебі ақпарат жан-жаққа жетеді, бұл дегеніміз қаншама жастың өз денсаулығына құрметпен қарауына септігін тигізеді. Сол үшін баршамыз әрдайым ауызбіршілікте болайық! Тек «мен» демей, «біз» деп жақсылыққа жиылсақ, еліміз көркейеді деген ойдамын», — деді Әйгерім Өткілбаева.

Айта кетейік, «Lectorium» жобасы Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Шараның негізгі мақсаты – өңірге танымал тұлғаларды жастармен кездестіріп, олардың өнегелі ғұмыры мен ерең еңбектері жайлы сұқбаттасу. Жоба алдағы уақытта жалғасады.

Жұлдызай Қалиева

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
«ТалпынХалық–2025»: Маңғыстауда жастарға арналған алғашқы стартап-байқаудың қорытындысы шықты

«ТалпынХалық–2025»: Маңғыстауда жастарға арналған алғашқы стартап-байқаудың қорытындысы шықты

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
«ТалпынХалық–2025»: Маңғыстауда жастарға арналған алғашқы стартап-байқаудың қорытындысы шықты

«ТалпынХалық–2025»: Маңғыстауда жастарға арналған алғашқы стартап-байқаудың қорытындысы шықты

22/12/2025
Жаңаөзенде Halyk қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?

Жаңаөзенде Halyk қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?

04/12/2025
Онлайн платформа бойынша жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Онлайн платформа бойынша жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

04/12/2025
Bilim — ALL жобасы

Bilim — ALL жобасы

04/12/2025

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist