Маңғыстау өңірінің жас өнертапқыштары Италияның Рим қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, байқауға Италия, Финляндия, Румыния, Германия, Испания, Дания, Норвегия, Швеция, Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Филиппин секілді 14 елден дарынды оқушылар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша маңғыстаулық команда 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Жаңаөзендегі «Жаңа толқын» мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары Зинулла Абдул Мансур мен Ақмұрад Алдияр «Line Following» санатында І орын, ал «Lego Sumo» санатында ІІІ орынға ие болды.
Бұдан бөлек, №23 мектептің информатика пәні мұғалімі Мұхит Әлібек ұстаздар арасындағы «Line Following» санатында ІІ орын алып, өңір мерейін үстем етті.










