Маңғыстау облысы білім басқармасының қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе «7 Жұрт» ҚБ ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында оқушылар арасында төменде көрсетілген спорт түрлері бойынша спорттық ойындар жарысы өтеді.
Жарыста оқушылар ұлттық ойындардан, яғни асық ату, ләңгі тебу, шахмат, тоғызқұмалақ, қол күресі, үстел теннисі, волейболдан сынға түсті.
Алдымен 6-сынып оқушылары шахмат ойынына қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Рамазан Амангелді 1-орын алды. 2-орынға Әділ Бекболат ие болды. Ал 3-орынды Алтыбай Мухтади иеленді.
5-сыныптың қыздары тоғызқұмалақ ойнап, сынға түсті. Ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында өткен жарыста Жібек Ерсайын 1-орынға ие болды. 2-орын Азиза Тулепке бұйырды. Ал Жасмин Амирова жүлделі 3-орынды иеленді.
Ал 8-9-сынып оқушылары қол күресінен күш сынасты. Қол күресінен Тахир Жұмажан 1-орынды иеленді. 2-орынды Али Сағындық алса, 3-орынға Даулет Сакенов ие болды.
7-сынып оқушылары арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Үстел теннисінен сынға түскендер арасынан Ясмина Ұзақбай 1-орынды қанжығаға байлады. 2-орынды Мәди Наби Мәди алды, ал 3-орынға Абилмансур Жолболды ие болды.
Сонымен қатар 5-сынып оқушылары асық атып, жарысты. Жарыс жекелей түрде олимпиадалық жүйеде өтті. Әр ойыншыға 5 минут уақыт берілді, яғни осы уақыт аралығында ойыншы 8 асықты алаңнан шығарып үлгеруі керек.
Асық атып, ұпайын еселеген Ислам Жумадилла үздік атанып, 1-орынды иеленді. Ал Әмір Данабай 2-орынды қанжығаға байлады. Жүлделі 3-орын Амир Мыңбайға бұйырды.
Ал 10 — 11-сынып оқушылары арасында өткен волейболдан жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді. Нәтижесінде М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін орта мектебі 1-орынға ие болды. Ал “И. Жанболатова атындағы №15 мектеп-гимназиясы 2-орынды иеленді. 3-орынды №9 жалпы білім беретін орта мектебі қанжығаға байлады.
Ләңгі тебуден Нурдаулет Рахметов ұпай санымен алға шығып, 1-орынды иеленді. Ал 2-орынға Қоныс Ақмұрат ие болды. 3-орынды Бекзат Өмірбек алды.
Шағын футболдан жүлделі 1-орынды Ақтау қаласындағы №14 мектеп иеленсе, 2 орынды №21 мектеп иеленді, ал жүлделі 3 орынды №13 мектеп қанжығаға байлады.
Жеңімпаз оқушылар арнайы алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.










