Маңғыстауда жаңару күнінде өңір жастары тал көшеттерін отырғызу шарасына қатысты. Игілікті бастамаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы қатысып, жастардың игі бастамаға ат салысқандарына алғыс білдірді.
Ақтаудағы Достық үйінің аумағына ағаш отырғызу шарасына мемлекеттік мекемелердің басшылары, іскер әйелдер кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мұғалімдер, студенттер, оқушылар, сондай-ақ коммуналдық сала өкілдері ат салысты.
Акцияға қатысуға келген адамдар қылқан жапырақты және жеміс көшеттерін отырғызды. Егер ағаштар жақсы өссе, тамшылатып суару әдісімен суарылады.
Нұрлан Ноғаев ағаш егу дәстүрінің терең маңызы бар екенін және біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екеніне тоқтала келе бұл табиғатқа деген қамқорлық пен оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтайық деген ізгі ниет екенін атады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, “біз рухани тамырымыздан ажырамай, өзіміздің ұлттық бірегейлігімізді жоғалтпауымыз керек. Біз тек өз ата-бабамыздың діни білімі мен рухани бағытына сүйенуіміз керек. Сондықтан Наурыз мейрамының мәнін арттырып, оның мағынасын байыта түсу маңызды. Наурыз мейрамы бәрімізге қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын ұқтырып, табиғатты қорғап, оны сақтау жақсарту – әрқайсымыздың міндетіміз екенін еске салады. Біздің аймақтағы ағаштарға күтім жасау дегеніміз аймақтаеы қатты жел мен аптап ыстықты ескергенде ауыр жұмыс екенін білеміз. Біз мықты мамандардың еңбегі сіңген ботаникалық бағымызды мақтан етеміз. Жаңару күні наурызнаманы мерекелеу аясында мен әрбір бағбанға, біздің табиғатымызға қамқор болған әрбір адамға, өз ауласына ағаш отырғызып, күтіп-баптаған әрбір адамға алғысымды білдіргім келеді. Баға жетпес еңбектеріңіз үшін рахмет! Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын!»- деді Нұрлан Ноғаев.
Маңғыстауда көктемде бүкіл аймақ бойынша 180 мыңнан астам көшет егіледі. Оның ішінде 4500 жапырақты ағаш, 2650 қылқан жапырақты ағаш, 3600 раушан, 20 000 бұта және 150 000 гүл егу жоспарланған.
Биыл Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланып, 14 наурызда Наурызнамның онкүндігімен басталды. Ол 23 наурызға дейін жалғасады.