Yessenov University-де Маңғыстау облысындағы көшбасшы жастар кездесті.
Кездесуге Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ МОФ төрағасы, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Абзал Марат, МО Жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Бурхандинова, «Respublika» партиясы МОФ бас маманы Сабина Бейсембаева, Маңғыстау жастар Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дильназ Дилшадқызы, Ассамблея жастары РКБ МО бойынша өкілдігі төрағасының орынбасары Цхададзе Мзиа, UNION Жоғарғы студенттік кеңесінің президенті, 4-курс студенті Алибек Ергазы, «Альянс» студенттер қозғалысының жетекшісі, UNION вице-президенті 2-курс студент Парасат Серік қатысты.
Кездесудің басында университет ректоры Берік Ахметов өзекті мәселе – патриоттық тәрбие беру, отаншылдық қасиетке баулу, мемлекеттік саясатымыздың жастарға арналған басымдықтары туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, мемлекеттік басқарма және қоғамдық ұйымдармен бірге азат ойлы, білімді, парасатты азаматтарды тәрбиелеу – ортақ міндет.
Осы орайда көшбасшылар жастар ұйымдарымен тығыз байланыс орнатып, біте қайнасып бірге жұмыс істеуге шақырды.