Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасы алаңында «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының 9 жылдығына орай «Ашық есік күні» науқаны өтті.
Шара «Бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастырылған. Оған 170-тен аса жергілікті кәсіпкер қатысты. Олар лицензия бойынша, құрылыс салуға рұқсат алу және басқа да мәселемен құжаттарын тек бір терезеге ұсынып, дәл сол жерден нақты жауап алды.
Кәсіпкерлерге барлық жергілікті атқарушы органның өкілдері, инфрақұрылымға қатысты сауалдарға жауап беретін мамандар (Табиғи монополия субъектілері) және жеңілдікпен несиелендіру бойынша кеңес беретін 2-деңгейдегі банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сияқты қаржы институттарының өкілдері тегін консультация берді.