Қазақта «Көрісу күні» деген салт дәстүр бар. Бұл дәстүр көбіне еліміздің батысында жақсы сақталған.
14 наурызды «Көрісу күні» қарашаңырағынан бастап, ел ақсақалдарына, жас үлкендерге, ағайын-туыс, жекжат-жұрағаттарға жол-жоралғысымен көрісіп шығады. Олар бір-біріне «Жыл құтты болсын»,«Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады.
Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, барлығы бір-бірін қонаққа шақырып, жақсы тілек айтып, амандық-саулық, құт-береке тілейді.