Абай атындағы мәдени-демалыс кешені балалар жылы аясында спорт күніне орай мерекелік шараға шақырады.
Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие сала.
Қазақстандық спортшылар соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерді көрсетіп келеді. Мемлекеттің өзі беделді халықаралық жарыстарды өткізетін орынға айналуда. Бұл Қазақстанда спорт мәдениетінің жоғары деңгейде дамуының әлемдік мойындалуын көрсетеді.
19.08.2022 ж.
19:00
15 ш/а, Амфитеатр