Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси, қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды, әр сала бойынша өз мамандығының шеберлерін анықтау және марапаттау үшін өткізіледі.
«Жас тұлпар» облыстық жастар сыйлығы 8 негізгі және 2 арнайы номинация бойынша тапсырылады:
Негізгі номинациялар:
- Үздік жас спортшы;
- Жас дарын;
- Жас ақын;
- Мұнай саласының үздік жас маманы;
- Жас өнертапқыш;
- Үздік волонтер;
- Үздік жас журналист;
- Жас көшбасшы.
Арнайы номинациялар:
- Бейбіт кезең батыры;
- Жомарт жүрек.