Жастарға арналған ақпарат

  • Маңғыстау облысында мемлекеттік жастар  саясатын жүзеге асыру туралы анықтама

2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша:

Маңғыстау облысы бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 149 674  жас бар, ол облыс халқының 21%-ын құрайды, оның ішінде – 56 530 (36,9%) қалалық жерлерде, 93144(63,1%) ауылда тұрады. 

Облыста 7 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады, оның           1 облыстық және 1 қалалық, 5 аудандық деңгейінде. Штат саны 99 адамды құрайды. Тікелей жастармен жұмыс жасайтын мамандар саны – 74 адам. 

Облыста әкімдіктер жанындағы ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін 8 Жастар ісі жөніндегі кеңес қызмет атқарады (1- облыстық, 2 қалалық,   5 аудандық).

Облыста 20 жастар үкіметтік емес ұйымдары тіркелген, оның ішінде аса белсенділері – 10.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 2020 жылдың қортындысы бойынша – 3,6% (ҚР бойынша – 3,6%). 2019 жылдың сол кезеңінде 3,7% (ҚР бойынша – 3,7%)

NEET санатындағы жастардың үлесі – 2021 жылдың I тоқсанының қортындысы бойынша 7,5% (ҚР бойынша – 6,8%). (2020 жылдың I тоқсанында 7,4%  (ҚР бойынша – 7,3%).

Жастар жұмыссыздығын азайту және жұмыспен қамтылмаған жастар арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар атқарылуда. 

2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған» бағдарламасы аясында 4461 жас жұмысқа орналастырылды. Тұрақты жұмыс орындарына – 2239, әлеуметтік жұмыс орындарына – 160, жастар тәжірибесі бойынша – 431, қоғамдық жұмыстарға – 1631.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау бизнес» жобасы бойынша 211 адам оқытылып, өз ісін бастауға 111 жас грант және 20 жас шағын несие алды.

Сонымен бірге, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге 162 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Сондай-ақ,  99 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілді. 

2020 жылы «Жасыл Ел» жобасы бойынша 1130 жас облыстағы елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына тартылды. (Ақтау қаласы – 370, Жаңаөзен қаласы – 130, Бейнеу – 180, Мұнайлы – 120, Маңғыстау – 60, Түпқараған – 100, Қарақия – 170).Ал, 2021 жылы 1000 жасты қамту жоспарлануда.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытында жастар орталықтарымен және жастар ұйымдарымен 200-ге жуық шара ұйымдастырылып, 2000-ға жуық жас қамтылды. Аталған шаралар «Болашаққа сеніммен», «Кеңес алаңы», «Jastar Books», «Кәсіби бағдар», еркін форматтағы жастармен кездесу «Лекториум» жобалары аясында жүзеге асырылуда. Аталмыш жобалардың басым бағыты NEET санатындағы жастарға бағытталған.

Сонымен қатар, «JASTAR ONLINE» мектебі жобасы іске қосылды. Аталған онлайн мектеп аясында жастар мобилография, сайт жасау, өнім сату, әлеуметтік желінің қыр-сыры тақырыптары бойынша 100 маңғыстаулық жас тегін дәріс алды.

Сондай-ақ, өңірде  алғаш рет  «Mangystau Nauryz Fest – 2021»  жастар фестивалі аясында төмендегідей шаралар өткізілді.

Жыл соңына дейін «Jastar startup – 2021» стартап мектебін, ауыл жастарына арналған қоғамдық-мәдени, спорттық іс-шараларжастардың телестудиясын ашу және жұмысын жүргізу, «Маңғыстау жастары» интернет порталын іске қосу, Маңғыстау облысы әкімінің «Жас тұлпар» жастар сыйлығын табыстау салтанатты шарасын ұйымдастыру жоспарланған.

Welcome Back!

Login to your account below

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Add New Playlist