Жастар саясаты тұжырымдамасы талқыланды

фото ғаламтордан алынды

«Азаматтық қатысу» бағыты бойынша 2030 жылға дейінгі жастар саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс барысында азаматтық сектордың қоғам алдындағы ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жастарды волонтерлік пен қайырымдылыққа, ал жеке тұлғаларды жас ұрпақ үшін бастамалар мен жобаларды іске асыруға ынталандыру мәселесі сөз болды.

Өз кезегінде БҰҰ волонтерлік бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілі жастар ресурстық орталықтарын волонтерлік және азаматтық бастамаларды үйлестіру орталықтарына трансформациялау жайлы бастама көтерді.

Exit mobile version