Жастар – бұл әлеуметтік – психологиялық, экономикалық сипаттамалары негізінде жеке тұлғаларды біріктіретін үлкен әлеуметтік-демографиялық топ. Психологиялық тұрғыдан алғанда, жастар-бұл өзін-өзі танудың, құндылықтардың тұрақты жүйесінің, сондай-ақ әлеуметтік мәртебенің қалыптасу кезеңі. Жастар қоғамның ең құнды және сонымен бірге ең проблемалы бөлігі.
Жас ұрпақтың құндылығы, әдетте, оның өкілдері жоғары мақсаттылыққа, ақпараттың үлкен көлемін игеру қабілетіне, өзіндік ерекшелігі мен сыни ойлауына ие. Алайда, бұл қасиеттер жастардың қоғамда өмір сүруі мен өмір сүруінің белгілі бір проблемаларын тудырады. Сондықтан сыни ойлау көбінесе шындықты іздеуге емес, қоғамның басқа мүшелері басшылыққа алатын қолданыстағы нормалардан бас тартуға бағытталған. Қазіргі заманғы жастар өздерінің бұрынғы адамдарында болмаған жаңа жағымсыз қасиеттермен сипатталады, атап айтқанда, сыртқы әлемнен бөліну, жұмыс істегісі келмеу және негативизмнің жоғарылауы.
Алайда, жас ұрпақтың Қазақстан өзгерістерінің стратегиялық ресурсы екенін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан табысты қоғамның қалыптасуы біздің еліміздің жастары қандай азаматтық ұстанымға байланысты болады. Жастардың қоғамдық-саяси қызметке қатысуының төмен пайызының проблемасы бүгінгі күні мемлекет те, қоғамның ересек бөлігі де өздері бақылайтын ресурстың салыстырмалы бөлігін жастармен бөлісуге практикалық дайындығын тиісті дәрежеде көрсетпейтіндігінде болып отыр. Жастарды мемлекеттік шешімдерді әзірлеу процесіне, әлеуметтік маңызы бар әлеуметтік іс-әрекеттерді бірлесіп қалыптастыруға және олардың нәтижелері үшін жауапкершілікті бөлуге тартудың пәрменді тетіктері жоқ.
Бүгінгі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында жас ұрпақтың толыққанды тұлғасын дамыту, бос уақытты ұйымдастыру, спорттық және сауықтыру тәрбиесі және т.б. бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстандық жастардың басым бөлігінің жағдайын оқшауланған деп сипаттауға болады. Жастар саясатында жастардың мүдделері жеткіліксіз ұсынылған, өйткені жастар саясаты негізінен қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысатын жастарға, яғни оның аз бөлігіне қатысты құрылады. Ірі жастар ұйымдарының мемлекеттік қолдау алу мәселелеріндегі басым ұстанымы жас халықтың вариативтік мүдделерін білдіретін шағын топтар бастамаларының дамуын тежейді.
Жастардың өзін-өзі дамыту, бұдан әрі өз дамуын қоғамның дамуына ұластыруы аса маңызды. Жастардың өзін-өзі дамытуы дегенде бұл сауаттылықтардың деңгейімен өлшенеді. Бұлар: қаржылық, құқықтық, діни сауаттылықтар және отбасын берік негізде қалыптасыру болып табылады.
Неке және отбасы құндылықтары
Қазақстандықтардың пікірінше, отбасылық өмірге мынадай жағымсыз факторлар әсер етеді: 1) материалдық қиындықтар (50,5%), 2) мінездердің үйлесімдігі (40,4%), 3) махаббаттың болмауы (35,9%), 4) арада баланың болмауы (25,4%), 5) жеке тұрғын үйдің жоқтығы (23,8%).
Отбасы моделі неке түріне байланысты өзгеретіні түсінікті. Қазақстанда ресми некеде патриархалды модель басым – 76,5%. Ал бейресми некеде ер адам басқаратын отбасылардың үлесі жартысынан аз – 43,6%. Сондай-ақ, әрбір екінші отбасы эгалитарлық (ерлі-зайыптылардың құқығы тең) модельді ұстанады(45,5%). Отбасындағы негізгі функциялардың бірі – қаржылай қолдауды 47,6% жанұяда күйеуі жүзеге асырады. Бұл көрсеткіш некені ресми тіркеген отбасыларға тән. Ал бейресми некелерде азаматтар қаржыны бірлесе басқарады. Отбасылық бюджетке қазақстандық отбасылардың 1/4 бөлігінде күйеулері (25,8%), 1/5 бөлігінде әйелдері (20,1%) иелік етеді. Елімізде бала тәрбиесімен 40,2% ата-ана бірлесе айналысады, ал 38,1% жағдайда бұл іс аналарға жүктеледі. Әкелердің қамқорлығындағы отбасылардың пайыздық көрсеткіші – 2,1% ғана. Сондай-ақ көп жағдайда азық-түлікті әйелі мен күйеуі бірдей (55,7%) немесе тек әйелі (35,2%) сатып алады. 80%-дан астам жағдайда үйде тамақ дайындау, ыдыс жуу, тазалау, киім үтіктеу сияқты тұрмыстық істер әйелдің міндеті ретінде қарастырылады. Бұл істерді күйеуі атқаратын отбасылардың үлес салмағы – 1%.
Дегенмен, қазіргі таңда феминизмнің радикалды нұсқасының Қазақстан аумағына дендеп енуі, отбасы ажырасуларының көбеюі, әлеуметтік мәселелердің жанұяларды бұзуға алып келуі, жастарда отбасылық сауаттылықтың болмауы, жоспарланбаған жүктіліктер және өзге де проблемалар қазақстандық отбасы моделініің қалыптаспауына әсерін тигізуде.
Қаржылық сауаттылық
Біздің басты дереккөз ретінде сүйеніп отырған «Қазақстандық қоғамдық даму институтының» халық арасындағы сауалнамалары мен жастар арасындығы талдамалық зерттеулері. Аталған интституттың 2022 жылғы тағы бір кезекті зерттеуі жастардың қарылық сауаттылығы тұрғысында болды. Зерттеу кезінде Қазақстандағы ауыл тұрғындары көпшілігінің тапқан ақшасын сол күйі жұмсап жіберетіндігі анықталған. 55,5% респондент негізгі табыс көзінен айырылған жағдайда, қолайлы өмір сүру үшін жинақтары жоқ екенін атап өтті. Ал 33,3% сауалнамаға қатысушы табысынан айырылған жағдайда бірнеше ай бойы ғана қалыпты өмір сүре алатынын айтады. Нақтыласақ, 20,7% азамат үш айға дейін, 6,7% азамат алты айға дейін, 5,9% азамат алты айдан аса уақыт жинаған қаражатының есебіне өмір сүре алады.
Аталған зерттеу нәтижелерінен ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығының қаншалықты деңгейде екендігін анық байқауға болады. Осы себептен, ауыл тұрғындарын, әсіресе жастар қауымын қаржылық сауаттылық негіздеріне оқытудың, үйретудің маңызы зор деп есептейміз.
Діни сауаттылық
Қазіргі таңда Қазақстанда 17 түрлі конфессияны ұстанған 140 этнос өкілдері бар. 2009 жылғы жалпыұлттық санағының нәтижесіне сәйкес халықтың 70.2 %-ы өздерін мұсылмандар, 26 %-ы – христиандар, 0,03 %-ы – иудеилерміз, 0,1 %-ы – буддистер, 0,2 %-ы – басқа діндерді ұстанушыларм деп атады. Соның ішінде ешқандай дінді ұстанбайтындар – 2,8 %, ал жауап бермегендер саны 0,5 % құраған.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекет өзін зайырлы мемлекет деп жариялай отырып, азаматтық қоғамның қалыптасуына негіз қалады. Кейінгі кеңестік Қазақстан 1992 жылдың өзінде «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылдап, ол өз кезегінде мемлекеттік – конфессионалдық қатынастардың құқықтық негізіне айналды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік конфессионалдық саясаты жиырма жыл барысында қоғам мен мемлекет арасында қарым-қатынастарды құруда маңызды рөл атқарып, қоғамның көп бөлігінің, оның ішінде дінге сенушілердің де, сенбеушілердің де қажеттіліктерін білдіріп, оның өтелуіне мүмкіндік берді. Мұның барысында діннің бұқаралық санаға енуі және егемен Қазақстандағы дін рөлінің сәйкесінше өсуі жалпы саяси өмірге өз әсерін тигізе білді. Конфессионалды тиесілігіне тәуелсіз діни мекемелер өздерінің әсерлерін қоғамның барлық әлеуметтік салаларына кеңейту және ұстанымдарын нығайтуға бағытталған өзіндік діни саясатын жүргізеді. Қазақстанда этносаралық және дінаралық келісімнің тұрақты моделі қалыптасқанымен, ол мемлекет, азаматтық қоғам, оның ішінде діни бірлестіктер тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіп отыруды қажет етеді. Осы сала ахуалына қызығушылық танытатын барлық тараптар біріге отырып, үнемі талдау жасап отырғаны жөн.
Қазіргі қоғамдағы жастардың басым көпшілігі дінге деген қызығушылықтарының арта түскендігін ескеретін болсақ, жастардың дінге деген қатыстылығының ерекшеліктерін анқытау қажеттілігі туындайды. Ғалым Чунгулова Гулдана Коптлеуовнаның философия докторы ( Ph.D.) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған «Қазіргі таңдағы қазақстан жастарының діни идентификациясы» атты диссертациясында жастар дінді ұстана отырып, діни дүниетанымдағы діннің алатын орны, деңгейін анықтау мақсатында сұрақтар қойылып, жастардың дінге қатыстылығын сипаттайтын бірнеше анықтамалар келтірілген.
Респондент жастардың басым бөлігі (41%) өздерінің дінге деген қатыстылығын «Мен дінге сенемін және дәстүр бойынша діни салттарды ұстанамын» деп сипаттады. Бұл көрсеткіш қазіргі таңда жастар арасындағы дінге деген қызығушылықтары мен дінді ұстануы арта түскендігі дәлелденді. Жастардың келесі бөлігі (44%) дінге сенгенімен, діни өмірге қатыспайтындығын айтты. Бұл көрсеткіштен сауалнамага қатсыушылардың басым көпшілігі өздерін белгілі бір дінге қатыстылығын білдіргенімен, діни өмірде белсенділік танытпайтындығын ескерді. Алайда, респонденттердің аз бөлігі (10%) өздерін дінге сенуші, діни қауым мүшесі және дәстүр бойынша діни салттарды ұстанатындығын көрсетті. Жауапқа тартылған жастардың өз жауаптарында дінге сенбейтіндігін, бірақ өзге діндегілердің діни сезімдерін құрметтейтіндігін білдірген респондент саны 3% құрады. 2% жастар өздерін діни мәселелерге қызығушылық танытпай, немқұрайлы қарайтындығын білдірді. Жастардың дінге деген қатыстылығын білдіретін келесі сипаттама бойынша: дінге сенбейтін, қарсылық танытатын діни дүниетаным позициясы иелері жауап беруші респонденттер құрамының 0% құраған.
Жоғарыдағы статистикалық деректер мен аналитикалық талдаулардан қазіргі жастар арасындағы дінге деген интенсивті бет бұрыстың әр түрлі деңгейде екендігін көруге болады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы жастар арасында діни сауаттылықты артытрудың төтенше қажеттілігін айғақтап береді.
Құқықтық сауаттылық
Қазіргі әлемде құқықтық сауаттылық пен мәдениет жайлы сөз болса, адам құқықтарын қорғау, нәсіліне, жынысына не басқа да белгілеріне байланысты кемсітпеу керек екені айтылып жатады. Дегенмен құқықтық мәдениет мәселесінің ауқымы кең. Құқықтық нигилизм сыбайлас жемқорлықты, ал оның салдары көлеңкелі экономиканың пайда болуына әсер етеді. Мұның бәрі мемлекеттің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сонымен қатар адамдардың заңдар мен құқықтарын білмеуі – мемлекеттің тағдырын өзгертуі мүмкін. Өйткені оларды саяси ойындарға пайдалану өте оңай. Бұл – тек біздің ғана емес, әлем үшін де маңызды мәселенің бірі. Дегенмен мамандардың сөзіне сүйенсек, Қазақстандағы құқықтық сауаттылық проблемасы өте өзекті болып отыр.
«World Justice Project» халықаралық үкіметтік емес ұйымының «Заң үстемдігі» индексі бойынша, Қазақстан 2021 жылы 66-орынға ие болды. Айта кетейік, заң үстемдігі индексі – әлем елдеріндегі құқықтық мемлекеттің қағидаттарына негізделген және құқықтық ортамен қамтамасыз етілуі жағынан жеткен жетістіктерін бағалайтын зерттеудің нәтижесі.
Жалпы индекс 8 фактор, 44 көрсеткіштен тұрады:
- Билік институттарының өкілеттіктерін шектеу.
- Сыбайлас жемқорлықтың болмауы.
- Ашық үкімет.
- Негізгі құқықтарды қорғау.
- Тәртіп және қауіпсіздік.
- Реттеуші құқық қолдану.
- Азаматтық сот төрелігі.
- Қылмыстық сот төрелігі.
Заң үстемдігі рейтингінде Қазақстан бұрынғы кеңес үкіметі құрамында болған елдерден жоғары тұрғанымен, мұндағы адам құқығын қорғау, заң үстемдігі, жемқорлық, ашық үкімет секілді мәселелер әлі де толықтай шешілген жоқ. Осы тұста мамандар ол үшін қазақтандықтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру керек екенін айтады. Өйткені жоғарыда атап өткеніміздей, заңдар мен құқығын білмеу тек азамттардың ғана емес, мемлекет тағдырына да қауіп төндіруі әбден мүмкін.
Белгілі заңгер Сағидолла Баймұраттың сөзінше, қазіргі кезде соттың ресми істеріне қарап отырып, азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейіне тұжырым жасау өте қиын. Тіпті, мүмкін емес. Дегенмен ол өзі қатысқан әлеуметтік жобалардың, кеңестердің нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығы өте төмен екенін атап өтті.
«Құқықтық сауаттылықтың төмендігі қарапайым азаматтық құқықтық шарттар жасаспауымен сипатталады. Өйткені адамдар күнделікті тірлігін оңай шешем деп ойлап, қарапайым сауатты адамның жасайтын дүниелерін істемейді. Оның қатарында еңбек шарты, азаматтық, құқықтық шарттар. Мәселен, біреуден қызмет не зат сатып алатын кезде шарт жасаспайды. Ал шарт жасалмағаннан кейін құқықтық қатынастарды дәлелдеу мүмкін емес. Мысалы, астана мен Алматыда мүлікті жалға алу көрсеткіші өте жоғары. Осы бойынша да көпшілік келісімшартқа отырмайды да, кейін соның зардабын шегеді. Сондықтан қарапайым деңгейдегі жазбаша келісімшарт мәселесін көтеру керек»,-деді маман.
Ал заңгер Абзал Құспан бұл мәселеде қазақстандықтарды екіге бөліп қарастыру қажеттігін айтып өтті.
«Қазақ тілді және орыс тілді орта. Салыстырып қарасақ, орыс тілді ортаның құқықтық сауаттылығы әлдеқайда жоғары, ал қазақ тілді ортаныкі төмен. Бұл мәселе өте өзекті. Мен қазақ тілді ортаның құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мәселесін көтеріп жүрмін. Бұл мәселені мемлекеттік деңгейде қолға алып, айналыспайтын болсақ, қаңтар оқиғасы секілді жағдайлар қайталануы мүмкін. Сондықтан да қазақ тілді ортаның құқықтық сауаттылық мәселесін дереу қолға алу керек», – дейді ол.