Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болып Гүлмира Бурхандинова тағайындалды, – деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.
Гүлмира Бурхандинова 1990 жылы Ақтау қаласында туған. Еңбек жолын 2006 жылы «Маңғыстау облысындағы студенттер альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып бастаған.
2009 – 2010 жж – «Арман» облыстық жастар орталығында «Мәдени-бұқаралық жұмыс бөлімі» ММ басшысы;
2010 – 2012 жж – «Облыстық жастар саясаты орталығының» «Кадрларды іріктеу және дамыту» бөлімінің басшысы;
2012 – 2013 жж – «Облыстық жастар саясаты орталығы» директоры орынбасарының міндетін атқарушы;
2010 – 2016 жж – «Ақтау студенттерінің альянсы» КҚ атқарушы директоры;
2016 жылы – «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығында» маман;
2017 жылы қаңтар-мамыр – «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы» директоры:
2019 жылдың тамыз айына дейін Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы болды.
Қазіргі таңда «Ақтау студенттер альянсы» КҚ атқарушы директоры қызметін атқарады.