Ақтауда жұмысшы жас мамандар арасында болатын «Жігіт сұлтаны» байқауының финалдық кезеңіне дайындық жұмыстары басталды. Облыстық жастар ресурстық орталығы өткізетін сын қатысушылардың бастамаларын қолдап, шығармашылығын дамытуға бағытталған.
Ұйымдастырушы тарап қатысушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру арқылы ұлттық сананы жаңғыртудағы рөліне баса назар аударуды көздейді.
«Жігіт сұлтаны» қараша айының 30 күні өтеді. Оған Маңғыстау облысы бойынша 7 қатысушы іріктеліп отыр.
Олардың қатарында Жайсаң бала 2 мектеп гимназиясының мұғалімі Бекнұр Әминов, Түпқараған аудандық мәдениет үйінде көркемдік жетекшісі Сержан Орынбасар, Ақшұқыр мәдениет үйінің режиссері Нұрсұлтан Егізбай, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкері Әділбек Сырғалиев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ техникалық қондырғылар жөндеушісі Ержан Ғабитұлы, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы № 6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Бақытжан Елубай, «МАЭК» ЖШС-нің қызметкері Есет Сейітжанов бастаған жастар өзара сынға түспек.










