Волонтерлік ұйымдарға шағын грант беріледі

Маңғыстауда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен «Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау» жобасы іске асып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында волонтерлікті насихаттау, әлеуметтік-мәдени белсенділікті арттыру, сондай-ақ волонтерлар (еріктілер) қозғалысын дамыту. Осы орайда аймақтағы 15 волонтерлік ұйым мен бастамашыл топқа 300 мың теңгеден шағын грант беріледі. Қазіргі таңда шағын грант беру конкурсына өтінім қабылданып жатыр.
Өтінімдер төмендегі бағыттар бойынша қабылданады:

Birgemiz: Ayala – жануарларға арналған жауапкершілікпен қарауды қалыптас тыру жөніндегі іс-шаралар (жануарларға қатысты волонтерлік – жануарларды қорғауға және оларға көмек көрсетуге бағытталған ерікті қызмет)

Birgemiz: Asyl Mura – тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі іс шаралар, волонтерлердің халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни жанжалдардың алдын алуға қатысуы, этно-туризм.

Birgemiz: Bilim – халықтың әртүрлі топтарын цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету жөніндегі іс шаралар.

Birgemiz: Qamqor – волонтерлерді қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына тарту бойынша іс шаралар.

Birgemiz: Saylyq – денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастар күтіміне көмек көрсету үшін, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б медициналық көмектің сапасын оның барлық кезеңдерінде арттыруға арналған профилактикалық, емдеу, оңалту, донорлық іс-шаралар.

Birgemiz: Sabaqtastyq – волонтерлердің балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, халықты әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жастарға қатысты тәлімгерлік практикасын енгізу жөніндегі іс-шаралар.

Birgemiz: Taza alem – қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету жөніндегі іс-шаралар (эко-волонтерлік – қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ерікті қызмет).

Birgemiz: Umit – (ТЖ волонтерлік) – жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысты жобаларға волонтерлерді тарту, халық арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттау жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы біздің отандастарымыздың ерліктері туралы баяндайтын құжаттарды іздестіру жөніндегі жобалар.

Медиа-волонтерлік – «Жақсылық жаршысы» жобасын іске асыру және әлеуметтік жобаларды ақпараттық жариялау, волонтерлер қозғалысын насихаттау бойынша басқа да ерікті қызметтер атқарып жүрген волонтерлерге қолдау білдіру.

Мәдениет саласындағы волонтерлік – мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға, мәдени кеңістіктердің ашықтығы мен қолжетімділігі атмосферасын құруға, мәдени бірегейлікті қалыптастыруға, жастар арасында мәдени саланы насихаттап, тарихи жадыны сақтауға бағытталған іс-шаралар.

Басқа әлеуметтік волонтерлік – азаматтардың белгілі бір санаттарына: мемлекеттің ерекше назарын қажет ететін балаларға, қарт адамдарға ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және т.б. көмектесуге бағытталған ерікті қызмет.

Өтінімдер jalyn_pro@mail.ru электронды поштасына 9 қазан сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Байқау ережесі мен өтінім үлгісімен танысуға болады.

Exit mobile version