Маңғыстау облысында жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ерекше мәдени кеш өтті. Бұл шара “Ұлттық құндылық – ұлттың қазынасы” жобасы аясында, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, “7 Жұрт” ҚБ және “Шабыт” домбыра мектебінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Кештің басты мақсаты – жастардың бойында ұлттық рухты оятып, ұлттық аспап – домбыраны дәріптеу. Шарада домбыраның асқақ үні «Балбырауын», «Адай» сияқты күйлер мен «Үкілілі қыз», «Ақтамақ» секілді халық әндері арқылы тыңдаушылардың жүрегіне жол тартты.