Түпқарағандық кикбоксшы Әлем чемпионатынан жүлделі орынға ие болды

Италияның Лидо ди Езоло қаласында өткен кикбоксингтен жастар және кадеттер арасында Әлем чемпионатында түпқарағандық жас кикбоксшы Аманбек Ерікұлы 48 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Байрақты бәсекеге әлемнің 60-тан астам мемлекетінен 730-дан аса спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орын иемденген Аманбек Ерікұлының жеке жаттықтырушысы Болатбек Құдайбергенов.

Әлем чемпионаты 30 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтті.

Exit mobile version