Пятница, 24 апреля, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ТалпынХалық–2025»: Маңғыстауда жастарға арналған алғашқы стартап-байқаудың қорытындысы шықты

22/12/2025
Айдары: Жаңалықтар
0
«ТалпынХалық–2025»: Маңғыстауда жастарға арналған алғашқы стартап-байқаудың қорытындысы шықты
566
SHARES
5.1k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Маңғыстау облысында «ТалпынХалық–2025» атты алғашқы өңірлік жастар стартап-байқауы аяқталды. Сонымен қатар, педагог-кәсіптік бағдар берушілерге арналған «Кәсіптік бағдар – табысқа бастар жол» байқауының да қорытындысы жарияланды.

Бұл бастамалар Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры жүзеге асырып отырған «Тәлімгер» бағдарламасы аясында өтті. Сондай-ақ, бұл шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» тұжырымдамасымен үндес ұйымдастырылды.

Жоба белсенді жастарды қолдауға, қолданбалы кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ, өңірдегі білім беру жүйесінде кәсіптік бағдардың рөлін күшейтуге бағытталған тиімді практикалық алаңға айналды.

Идеядан дайын жобаға дейінгі жол

«ТалпынХалық–2025» байқауы қазанда басталып, Маңғыстау облысындағы колледж студенттері тарапынан зор қызығушылық тудырды. Жалпы 78 өтінім қабылданып, іріктеу нәтижесінде 45 жоба жартылай финалға өтті, ал үздік 26 команда финалда өз стартап-идеяларын ұсынды.

Қатысушылар өңір үшін басым бағыттар бойынша жобалар әзірледі: экология, білім беруге арналған цифрлық шешімдер, инклюзив қызметтер, туризм, әлеуметтік кәсіпкерлік, энергия тиімділігі және «жасыл» технологиялар. Финалда командалар тәуелсіз сарапшылар алқасының алдында жобаларын қорғап, бизнес-модельдерін, экономикалық пайдасын және іске асыру әлеуетін таныстырды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Гран-при және 1 млн теңге көлеміндегі жүлдені Маңғыстау өнер колледжінің студенттері әзірлеген, үй жағдайында дамуға арналған онлайн-тренажёр – «UMiT» жобасы жеңіп алды. Жүлделі орындарға өндіріс, цифрлық шешімдер және креатив индустриялар бағытындағы жобалар да ие болды.

Сондай-ақ, алты командаға өз идеяларын әрі қарай дамыту мен кеңейтуге мүмкіндік беретін жазғы бизнес-лагерьге жолдама табысталды.

Көрсеткіш емес, тәжірибе керек

Ұйымдастырушылар байқаудың басты нәтижесі тек жүлделі орындарды бөлу емес, қатысушылардың бойында нақты кәсіпкерлік құзыреттердің қалыптасуы болғанын айтады. Жоба барысында студенттер идеядан бастап дайын стартапқа дейінгі жол, менторлық қолдау, жобаны таныстыру, қаржымен жұмыс істеу және жұмысын қорғау – барлық кезеңнен өтті.

«Тәлімгер» жобасының жетекшісі әрі Halyk қорының білім беру жобалары жөніндегі атқарушы директоры Айгүл Ахметованың айтуынша, «ТалпынХалық» – жастарды мүмкіндікті көріп, өз өңіріне қажет шешім ұсынуға үйрететін тәжірибе мектебі.

Кәсіптік бағдар – жүйелі жұмыс

Қорытынды шара аясында педагогтер арасындағы «Кәсіптік бағдар – табысқа бастар жол» байқауының да нәтижелері шығарылды. Оған облыс бойынша шамамен 50 маман қатысып, іріктеу қорытындысымен 10 педагог үздік деп танылды.

Байқау үш бағыт бойынша өтті: кәсіптік бағдардың креативт форматтары, цифрлық кеңістіктегі кәсіптік бағдар және жеке кәсіби бағдарлаушы. Жеңімпаздарға Halyk қорының ақшалай жүлделері табысталды, ал 11 педагог белсенділігі, кәсіби шеберлігі және жастармен жұмыстағы үлесі үшін жазғы бизнес-лагерьге жолдамамен марапатталды.

Өңірді дамытудағы экожүйелік тәсіл

«ТалпынХалық–2025» – Halyk қорының Маңғыстау облысындағы кең ауқымды экожүйелік жұмысының бір бөлігі. 2023 жылдан бері қор өңірдің дамуына инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардан бастап, білім, спорт және экология салаларына дейін 5 млрд теңге бағыттады.

Бұл байқау білім мен экономиканы байланыстыратын маңызды көпірге айналып, жастарға идеядан – дағдыға, дағдыдан – нақты жобаға дейінгі жолды жүйелі түрде еңсеруге көмектеседі. Жастар әлеуеті жоғары өңір үшін бұл тұрақты даму траекториясын қалыптастырып, жаңа өсімді айқындайды.

«ТалпынХалық–2025» байқауы адам капиталына салынған инвестицияның нәтижесі. Жоба жастардың бастамалары, жаңа құзыреттері және өз өңірінің дамуына жауапкершілік алуға дайындығы арқылы нақты көрініс тапты.



  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Аналарға қолдау – қоғамға қамқорлық

Аналарға қолдау – қоғамға қамқорлық

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Аналарға қолдау – қоғамға қамқорлық

Аналарға қолдау – қоғамға қамқорлық

24/04/2026
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist