Қоғамдық пікір көшбасшылары зерттеу жүргізіп грант иегері атана алады

Маңғыстаудың қоғамдық пікір көшбасшылары үшін Ақтауда басталған 3 айлық оқу бағдарламасының 2 күндік алғашқы оқытуы жүргізілді.

«Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастыруымен Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қаржылай қолдауымен «Жергілікті қоғамдық пікір көшбасшыларының мектебі» 3 айлық оқыту бағдарламасының аясында 2 тақырыптан тұратынын бірінші модулін аяқтады.

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташе орынбасары Джон Орак қатысуымен ашылған оқу бағдарламасының алғашқы күні «Әділдік жолы»РҚБ директоры Дидар Смагулов қоғамдық пікір көшбасшыларына мемлекетпен тиімді қарым-қатынас, мемлекеттік сатып алуы: түрлері мен тәсілдері, электронды порталдары,ондағы заң бұзушылықтар, оны зерттеу,талдау және оны жариялау туралы түсіндірді.

Жастар, қоғам белсенділері мен блоггерлер, депутат, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын маңыстаулық қоғамдық пікір көшбасшылары үшін бұл жоба 3 ай бойы жүргізіледі. Жоба ұйымдастырушыларының хабарлауынша жоба аясында оқыту бағдарламасы соңында өңірге қатысты бір мәселенің шешімін оқу бағдарламасы инструменттерін пайдалана отырып, зерттеуін ұсынған 5 қатысушыға қаржылай қолдау берілетіндігін айтты.

Екінші күні қатысушылар бюджет және қаржы саласындағы сарапшы, «Zertteu research institute» қоғамдық қорының құрылтайшысы Шолпан Айтеновадан еліміздің бюджет процесін заңнамалық негізде бақылауды, оған қоғамдық бақылау жүргізуді, ашық бюджет туралы түсіндіріп, практикалық сабақтар жүргізді.

— Жобаның басты мақсаты – жергілікті қоғамдық пікір көшбасшыларының пулын құру арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға ықпал ету, әрі қоғамдастық жұмыстарын күшейту, өңірде эксперттер пулын қалыптастыру , – деді Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы ЗТБ президенті Жібек Ахметова.

Exit mobile version