Қазақстан телефон кодын өзгертеді

фото ғаламтордан алынды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда телефон коды осы жылдың соңына дейін өзгеретінін айтты.

«+7 кодын Ресеймен және Оңтүстік Осетиямен бөлісеміз. Қазақстанның өзіне тиесілі коды болуы керек деген бастаманы мен көтерген едім. Бұл ешқандай да геосаяси оқиғалармен байланысты емес, мен мұны 2020 жылы министрлік басшылығына жаңадан келгенімде көтергенмін», – деді Мусин.

Оның айтуынша, Халықаралық телекоммуникация одағымен Қазақстанға жеке телефон кодын беру туралы жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін шешім жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін Цифрлық даму министрлігі Қазақстанды 2023 жылдың қаңтарынан бастап +997 жаңа ұлттық кодына көшіру жоспарын жариялаған болатын. Онда жаңа код тағайындалған сәттен бастап оны және ескі кодты екі жыл бойы қатар қолдануға болатыны атап өтілді. Жаңа телефон кодына толығымен толығымен ауысу 2025 жылы орын алады деп күтілуде.

Exit mobile version