Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қала тұрғындары мемлекеттік гранттар жайлы кеңес алды

15/06/2023
Айдары: Жаңалықтар, Жобалар
0
Қала тұрғындары мемлекеттік гранттар жайлы кеңес алды
573
SHARES
5.2k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Бүгін маңғыстаулық 50 тұрғын бизнес бастауға және дамытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік гранттармен танысты. Кезекті «Кеңес алаңы» Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Хазар» базарында өтті.

Шараға Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының, «Отбасы банк» Маңғыстау облыстық филиалының, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары келді. Олар тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті. Атап айтқанда, қала тұрғындарына 2,5 пайыздық шағын несие, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК гранты, қайтарымсыз 5 миллион теңге гранты жайлы толығырақ мәлімет берілді. Сонымен қатар «Бастау бизнес», «Еңбек skills» бағдарламалары жөнінде де ақпарат айтылды.

«Елде 15 мамырдан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды. Грант сомасы — 400 АЕК (1 380 000 теңге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — дейді Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Ботагөз Карамурзаева.

Оның айтуынша, өтінім беру үшін «Business.enbek.kz» порталына тіркеліп, грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту қажет. Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп, оны толтыру және порталға енгізу керек. Содан кейін өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қояды.

«Мемлекеттік грантқа тіркелген жұмыссыздар мен тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер үміткер бола алады. Бұл ретте үміткер әлеуметтік санаттардың бірінен болуы шарт. Нақтыласақ, мүгедектігі бар, қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар, өңіраралық қоныс аударушылар, аз қамтылған отбасы мүшелері, көпбалалы отбасы мүшесі, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушыларға басымдық берілген», — дейді Ботагөз Карамурзаева.

Айта кетейік, мемлекеттік грантты алу үшін үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Ал Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының бас маманы Оспан Нысанның айтуынша, кәсіп бастау үшін 5 млн теңгеге дейінгі грантқа өтінім қабылдау 19 маусым күні басталған. Құжаттарды тапсыру kezekte.kz сайты арқылы электронды түрде іске асады. Өтінім қабылдау 27 маусымға дейін жалғасады. Мемлекеттік грант инновациялық жобаға, франчайзинг, өнім өндіруге және зерттеу орталығын ашуға беріледі.

Кеңес алаңына келген мамандар мемлекеттік гранттар жайлы ақпараттарды басқарманың немесе мекеменің ресми сайтынан алуға болатынын жеткізді. Сонымен қатар интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарынан өтінім беруге болатынын еске салды.

Жұлдызай Қалиева



  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist