Отбасы күніне орай Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы мен Ақтау қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Отбасылық саулық және баланың эмоционалды дамуы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың эмоционалды дамуына қолайлы орта қалыптастыру және отбасындағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызы сөз болды.
Қатысушылар отбасындағы мейірім, сыйластық, сенім мен қамқорлықтың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы пікір алмасып, пайдалы ақпараттар алды.
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Ал берік отбасының негізі – сүйіспеншілік, өзара құрмет пен қолдау.
Берік отбасы – жарқын болашақтың негізі!














