Кеше, маңғыстаулық оқушылар отбасылық психолог Ержан Мырзабаевпен мотивациялық кездесу өткізді. Кездесуде оқушылардың өмірде өз орнын табуына мүмкіндік беретін кеңестер мен дағдылар айтылды. Сонымен қатар бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі, баланың жеке шекарасы, оның психологиялық тұрғыдан дамуы туралы сөз қозғалды.
Ержан Мырзабаев оқушылардың өмірге құштарлығын ояту, арманы мен қиялына қанат бітіру үшін отбасыда жеткілікті көңіл бөлініп, араласатын ортасы саналы, зиянды әдеттерден аулақ, ізденіске ашық болуы керек екенін атап өтті. Мұнда ата-ананың балаға қарым-қатынасы, оған таңдау еркіндігін беруі өте маңызды. Бала шекара ішінде өссе, ой еркіндігі тұсауланып, мінез-құлқы өзгеруіне әкеп соғатынын атап өтті.
Шара соңында жастар толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.
Айта кетейік, шара Маңғыстау облыстық білім басқармасының тапсырысы негізінде «Жеті жұрт» ҚБ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өткізді.