Ақтауда 5-6-сынып оқушылары арасында хордан жарыс өтті. Негізгі мақсат оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру, мәдени, қоғамдық ортада белсенділігін ояту. Сонымен қатар шығармашылығын шыңдап, бос уақытын тиімді өткізу. Шараға облыс бойынша 12 мектептен, жалпы саны 400 қатысушы қатысты.
Мәдени шараны көруге 200 көрермен жиналды. Байқау тіркеу, ашылу салтанаты, ән орындау, арнайы көрсетілім, үзіліс, қорытынды нәтиже, марапаттау, естелік суретке түсу бағдарламасы бойынша жүргізілді. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен, естелік сыйлықпен марапатталды.










