Онлайн платформа бойынша жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Маңғыстау облысының жастарына арналған цифрлық білім беру бастамалары аясында биыл «Bilim – ALL» онлайн бағдарламасы іске қосылды. Жоба заманауи 10 мамандыққа негізделген оқу сабақтарынан тұрады және өңір жастарына жыл бойы, кез келген уақытта қолжетімді білім алуға мүмкіндік береді. Оқу курстары «Маңғыстау жастары» мобильді қосымшасына енгізіліп, қазір AppStore және PlayMarket платформаларында қолжетімді.

Бүгін аталған бағдарлама бойынша Жаңаөзен қаласы, Қарақия және Мұнайлы аудандарындағы жастармен кезекті ақпараттық кездесу өтіп, онлайн сабақтар туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мектеп оқушылары менн колледж студенттері қатысты.

Кездесу барысында:

Шараға қатысқан жастар цифрлық білім алуға арналған бұл жаңа мүмкіндікті жоғары бағалап, онлайн курстардың мазмұнына ерекше қызығушылық білдірді. Көпшілігі таңдаған мамандықтар бойынша оқу бастауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Bilim – ALL» жобасы — өңір жастарының цифрлық сауаттылығын арттыруға, олардың кәсіби бағдарын кеңейтуге және жаңа форматта білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Exit mobile version