Бағдарлама қатысушыларына Ақтау қаласы бойынша 15 млн. теңге, Жаңаөзен қаласы мен аудандар үшін 10 млн. теңгеге дейін несие беріледі.
Жылдық пайызы – 6%, несие мерзімі – 20 жыл, алғашқы жарна 10%-ды құрайды.
Бағдарлама қатысушыларына бірнеше талаптар қойылады. Атап айтар болсақ, қатысушы мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Олар соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін немесе меншік құқығындағы тұрғын үйге ие болмауы тиіс. Қатысушының (жұбайын қоса алғанда) жасы 18-ден 35 жасқа дейін болуы керек.
Бағдарламаға қатысуға тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана өтініш бере алады. Қатысушының соңғы 2 жылда Маңғыстау облысында тұрақты тіркеуі болуы қажет. Сол сияқты, өтініш берген кезде оның отбасы мүшелерінің де Маңғыстауда тұрақты тіркеуі болуы тиіс.
Қатысушының Маңғыстау облысында кемінде 1 жылдық ресми жұмыс өтілі болуы керек. Қатысушы бағдарлама аясында сатып алатын тұрғын үйді тіркелген мекенжайы бойынша ғана ала алады.
Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім және ғылым, мәдениет, ауылшаруашылық, спорт және дене шынықтыру, ақпарат және байланыс, көлік-логистика, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласының жас мамандары, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы мен әлеуметтік сала мамандары қатыса алады.
Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:
• Бағдарламаға қатысу жөнінде өтініш;
• Өтініш берушінің азаматтық жай-күйін растау құжаттары (неке қию немесе бұзу туралы куәлік, баланың тууы туралы куәлік, егер бар болса, мүгедектігі туралы анықтама);
• Өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелеріне (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және т.б.) жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
• «Электрондық үкімет» уеб-порталынан алынған соңғы 6 айдағы зейнетақы есептеулері туралы үзінді көшірме (egov.kz)
• Лауазымы, жұмыс кезеңі, жалақысының мөлшері көрсетілген ресми бланкіде немесе ұйымның мөрімен расталған жұмысқа орналасу туралы анықтама;
• Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы (өтінім берген күнге дейінгі жұмыс орын(дар)ы мен лауазым(дар)ы, бұйрық нөмірі, жұмысқа орналасу және жұмыстан шығу күні, мекеме мөрі болуы тиіс), eQyzmet порталынан алынған анықтама (мемлекеттік қызметшілер үшін);
• Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топқа жататындығын растайтын құжаттар;
• Қажет болған жағдайда уәкілетті органның басқаларды сұратуға құқығы бар құжаттар.
Құжаттар 2024 жылдың желтоқсан айының 27-і мен 2025 жылдың 09-ы күні аралығында (14 күн) www.mangystauzhastary.kz сайтында электронды түрде қабылданады.
Бағдарлама ережесі жөнінде толық ақпаратты www.mangystauzhastary.kz сайтынан біле аласыз. Бағдарламаға қатысты өзге сұрақтар бойынша 8 (7292) 335520 нөміріне хабарласуға және «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «@mangystau_jastar_basqarmasy» парақшасынан танысуға болады.