Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаулық жас «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алды

05/12/2023
Айдары: Жаңалықтар
0
Маңғыстаулық жас «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алды
571
SHARES
5.2k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Бүгін Астана қаласында «Волонтер болу оңай» қысқы мейірімділік апталығы аясында өткен салтанатты жиында жаңаөзендік жас Юсуф Қисбаев «Жыл волонтері – 2023» халықаралық сыйлығына ие болды. Ол «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша сынға түскен.

Байқау 2 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушыларға дауыс берілсе, екінші кезеңде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен арнайы құрылған комиссия құрамы әр волонтердің жұмысын жеке қараған. Яғни, волонтердің әлеуметтік, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесін, ұсынылған бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі мен қызметтегі инновацияларын бағалаған.

Маңғыстаулық жас Юсуф Қисбаевтың волонтерлік жолы 2016 жылы «Қазақстанның ұлттық волонтерлік желісінен» басталған. Онда Қазақстанға қатысты мақалаларды кеңейту және жақсартуға мүдделі википедияның өңдеуші-волонтері болған. Айтуынша, осы уақытқа дейін 3 000-ға жуық қазақ және орыс тілдерінде мақала жасақтаған.

Ерікті қызметін одан әрі жандандырып, соңынан жастарды еріту үшін 2021 жылы «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» жанынан «Шапағат» еріктілер клубын құрды. Қазіргі таңда құрамында 40 студент бар. Олар білім, экология саласы мен қайырымдылық акциясын жиі өткізуді әдетке айналдырған.

– «Шапағат» еріктілер клубының мүшелері және колледждің әлеуметтік бөлімі былтыр «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық қайырымдылық акциясына қатысып, Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Сонымен қатар «Табиғатта қоқыс жоқ» атты жалпыұлттық эко-акциясы аясында Маңғыстау өңірінің тарихи-мәдени нысандарына сенбілік жасады. Бұдан бөлек тұрақты түрде Жаңаөзен қаласындағы жастарға, студенттерге тегін білім беру мақсатында түрлі менторлық сабақтарды, шеберлік курстарды ұйымдастырамын. Осы уақытқа дейін 150 адам осы оқытуға қатысты», — дейді волонтер Юсуф Қисбаев.

Юсуф бүгінде Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етеді. Білім жолында жүрсе де волонтерлікпен айналысып, жастарды жақсылық пен ізгілікке бастаудан жалықпайды. Жақында ғана ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырылған «Ules» жобасына қатысты. Соның аясында «ӨзгерIS» республикалық менторлық бағдарламасына жолдама алып, менторлық оқыту бағдарламасының қатысушы-менторы атанған болатын.

«Өңірдегі волонтерлік бастамаларды әрқашан қолдап, ұсыныстарымды білдіріп отыруға тырысамын. Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен волонтерларымен үнемі байланыстамын. Осы халықаралық байқауға өтінім жіберуімді де орталық мамандары ұсынған. Бүгін көптің қолдауымен ерікті түрде жасаған еңбегімнің нәтижесін көріп, қуанып отырмын. Әрі қарай да өңірдегі волонтерлік қызметтің жандануына үлесімді қосамын», — деді Юсуф Қисбаев.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist