Маңғыстаулық спортшы еркін күрестен Әлем чемпионы атанды

Болгарияның Пловдив қаласында күрес түрлерінен ардагерлер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додада 60 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынасты. Ардагер спортшылар A,B,C,D,E дивизиондарына бөлініп өнер көрсетті.

Жарысқа Қазақстан құрамасынан 20 спортшы, оның ішінде Маңғыстау облысынан 3 спортшы ел намысын қорғады.
Маңғыстаулық Абай Смағұлов 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде А дивизионында ардагерлер арасында еркін күрестен Әлем чемпионатын жеңіп алды. А дивизионында 35-40 жас аралығындағы спортшылар белдесті.

МО грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының атқарушы директоры Амандық Нұрсұлтан Жамбылұлының айтуынша спортшы алғашқы кездесуінде қырғыз балуанын 4:3 есебімен жеңді, 1/4 екінші кездесуінде және 1/2 үшінші кездесуінде де Латвия мемлекетінің спортшысымен кездесіп, 5:1 есебіндегі басымдықпен маңғыстаулық спортшы финалға шықты. Ал, финалдық кездесуде Үнді елінің спортшысын 7:5 есебімен жеңіп Әлем чемпионы атанды.
Жаттықтырушылары Куруглиев Магомед және Ахмедханов Роман.

Әлем чемпионаты 4-9 қазан аралығында өтті.

Exit mobile version