Маңғыстаулық «Қара бура» ел чемпионы атанды

Маңғыстаулық «Қара бура» Нұрдаулет Жарылқапов 10-12 қазан күні Атырауда қазақ күресінен өткен ерлер мен әйелдер арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанды.

Жарысқа еліміздің 17 облысы пен Астана, Алматы, Шымкент қаласынан келген 700-ден астам балуан 3 күн бойы боз кілемде күресті. Ерлер арасында 55-100 келі және одан жоғары, ал әйелдер арасында 48-77 келі мен одан жоғары салмақ дәрежесінде мықты балуандар анықталды.

Нұрдаулет Жарылқапов 100 келіден жоғары салмақта белдесті. Алғашқы айналымда бос болып, екінші айналымда павлодарлық споршыны ұтты. Кейін алматылық балуанды, сонымен қатар биылғы «Қазақстан барысының» қола жүлдегері Ғалымжан Қырықбайды жеңіп, ақтық белдесуге жолдама алды. Шешуші кезеңде қызылордалық спортшыны ұтып, ел чемпионы атанды.

-4-6 қараша күні елорда да үздіктердің үздігі, әр салмақта рейтингте сегіздікте тұрған 8 балуан белдеспек. Әр салмақ бойынша жеңімпаз атанған балуанға 10.000 АҚШ долларынан беріледі. Сол жарыста жеңген балуандар желтоқсанның 16-18 күні Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Сол жерде әлем чемпионатына жолдама алады. Мына жарыспен ештеңе әлі анықталған жоқ. Үздіктердің үздігінде жеңімпаз болады. Солар әлем чемпионатына жолдама алады. Біз енді үздіктердің үздігіне дайындаламыз. Жалпы, жарыс жоғары деңгейде өтті. Жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Осының алдында белбеу күресінен Өзбекстан еліне әлем чемпионатына барып келген. Сол жерде кішкене жарақаты болған. Сол жарақатын уайымдағанбыз. Алайда жақсы күресіп, Қазақстан чемпионатында жеңімпаз болды, дейді Нұрдаулет Жарылқаповтың жеке бапкері, облыстық ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы Қайрат Бурбасов.

Exit mobile version