Маңғыстаулық өнерпаз Парижде өнер көрсетті

Атақты әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтті. Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ренат Гайсин, Жұбаныш Жексенұлы, Медет Шотабаев сынды өнер қайраткерлерімен бірге Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау Облыстық Филармониясы әншісі, “Қазақстан дауысы” тележобасының жеңімпазы Бауыржан Ретбаев өнер көрсетті.

Іс-шараны ашқан Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әншінің 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізу Роза Бағланованың сіңірген еңбегі мен талантын жоғары мойындау екенін атап өтті.

Айта кету керек, өткен жылы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданды және ол тізімге Қазақстанның ұсынысы бойынша Роза Бағланованың 100 жылдығы қосылды.

Exit mobile version