Маңғыстауда республикалық «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі басталды

Бүгін Маңғыстау облысында республикалық «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі Мұнайлы ауданынан басталды. Өңірдегі жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының, Мұнайлы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының, Yessenov University Мансап офисінің маманы, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы аудандық филиалының және «Отбасы банк» АҚ мамандары келіп, аудан тұрғындарына кеңес берді.

Жылжымалы кеңес алаңында жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, 2,5 пайызбен шағыннесие, тұрғын үй, оқуға қабылдау бойынша кеңес берілді. Сонымен қатар бос жұмыс орындары ұсынылып, консультациялық көмек көрсетілді. Шараға 200-ге жуық адам келді.

Айта кетейік, «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіп жатыр. Шара бір айға жалғасады.

Жылжымалы жәрмеңке енді ертең Құрық ауылындағы орталық Әлішер базары жанындағы таксопарк алаңында ұйымдастырылады.

Exit mobile version