«Маңғыстау жастарында» жаңа айдар!

Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа болып саналатын және облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын һәм өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшыларды насихаттаушы «Маңғыстау жастары» интернет-порталы жанындағы Youtube арнасында жаңа айдар!

«Түбектегі туризм» айдары Маңғыстаудағы туристік әлеуетке ие киелі-тарихи-табиғи орындар мен ескерткіштердің өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғайды.

Айдар барысында алғашқы шығарылымдарда Шақпақ ата, Кенті баба, Сұлтан Үпі, Кемпіртас, Торыш жерлері туралы сөз қозғалмақ.

Айта кетейік, аталған сайт және Youtube арна Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен және «Қолдау»орталығы» жеке меншік мекемесінің жүзеге асыруымен жүргізіліп отыр.

Exit mobile version