Маңғыстау жастары Токиода өтетін Гранд Слэмде күреседі

Маңғыстау облысының жастары желтоқсан айының 2-3 күндері Токио қаласында дзюдодан өтетін Гранд Слэм бәсекесіне қатысады. Ұлттық құрама сапында өңір атынан Асқар Нарқұлов пен Руслан Мұсаев белдеседі.

73 келі салмақ дәрежесінде биыл ел чемпионы атанған Асқар Нарқұлов пен 81 келіде халықаралық жарыстардың жүлдегері Руслан Мұсаев алдағы күндері Ұлттық құрамамен бірге Жапонияға аттанады. Жылдың рейтингтік қорытынды жарысында осылайша маңғыстаулық екі балуан татамиге шыққалы отыр.
Қазіргі уақытта әлемдік рейтинг бойынша Руслан Мұсаев 87-ші, Асқар Нарқұлов 63-орында тұр.

Бұдан бөлек, Токио Гранд Слэміне елімізге белгілі Елдос Сметов пен әйелдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Әбужақынова бастаған татами шеберлері белдесетіні белгілі болды.

Exit mobile version